Новости

Отображает заданное количество материалов из выбранной категории, сортируя по дате, либо в случайном порядке. Помощь


  • 2025 жылғы 13–14 желтоқсан күндері Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Қазақстан халықы Ассамблеясының 30 жылдығына және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған республикалық дебат турнирі өтті.
    Аталмыш турнирге қазақ халық аспаптары бөлімінің студенттері — Кәбзәкір Нұрай мен Темірбулатова Арайлым қатысып, өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
    Турнир қорытындысы бойынша колледж командасы «The Phoenix Team» номинациясын жеңіп алды. Бұл марапат – табандылық, рухани күш-жігер мен қиындықтарға қарамастан жеңіске деген ұмтылыстың белгісі ретінде берілді.
    Сонымен қатар, Кәбзәкір Нұрай ерекше көзге түсіп, дебат турнирінің үздік спикері атанды. Оның сенімді сөйлеуі, логикалық ойлауы мен көшбасшылық қабілеті әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланды.
    Жас дебатерлерімізді шын жүректен құттықтай отырып, оларға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!  

  • 14 желтоқсан күні Павлодар қаласында «Zhuldyz Art» халықаралық байқауы өтті — бұл өнерпаздар, ұстаздар мен өнер сүйер қауымды өңірімізден және шет елдерден жинаған жарқын мәдени шара болды. Байқау қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, жоғары дайындық деңгейін көрсетуге және әртістер арасында тәжірибе алмасуға маңызды алаңға айналды. Байқау қорытындысы бойынша «DELIZ» дуэті өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, І дәрежелі лауреат атанды. Дуэттің жарқын, эмоционалды әрі кәсіби орындауы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
    Дуэттің жетекшісі — Никитенко М.Г., оның шебер жетекшілігінің арқасында қатысушылар жоғары дайындық, музыкалылық және сахналық шеберлік танытты.
    Байқаудың ең жоғары марапаты — Гран-при — Адильханова Сабина мен Арыстанбек Мирасқа бұйырды. Олардың өнері қазылар алқасы тарапынан шеберлік, артистік қабілет пен сахналық көркемдік үлгісі ретінде жоғары бағаланды. Жеңімпаздарды дайындаған жетекші — Қазмағамбетова М.Р.
    «Zhuldyz Art» халықаралық байқауы жас таланттарды қолдау мен халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жеңімпаздарды және олардың ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық жолда жаңа жетістіктер мен шабыт тілейміз!
     

  • Ресей Федерациясының Томск қаласында VI Сібір халықаралық пианистер байқауы өтті. Бұл мәдени оқиға әртүрлі елдерден келген дарынды, жас орындаушыларды біріктірген маңызды өнер мерекесіне айналды.
    Байқау жоғары шеберлік, шабыт пен шығармашылық бәсекелестік жағдайында өтті. Қатысушылар музыканы терең түсіну, сахналық мәдениет пен артистизм көрсете білді.
    Байқау нәтижесінде Смогулова Ирада мен Сапарғалиев Нұралы I орынға ие болды. Олар орындаушылық шеберлігі, сахналық мәдениеті және музыкалық шығармаларды әсерлі жеткізе білуімен көзге түсті. Бұл жеңіс — тәжірибелі ұстаз Волкова Инна Николаевна жетекшілігімен жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесі.
    Ирада, Нұралы және ұстаздарын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!  

  • Қазан қаласында (Татарстан Республикасы, РФ) жақын және алыс шетелдерден келген дарынды музыканттарды жинаған үрлемелі және соқпалы аспаптарда орындаушылардың «MARCATO» атты III Халықаралық байқауы өтті.
    МК-МК көшбасшысы Аверин Илья аталмыш беделді байқауда II дәрежелі лауреат атанды. Ол байқауға «Үрлемелі аспаптар» номинациясы бойынша қатысып, өзінің жоғары кәсіби деңгейін, шеберлігін және сахна мәдениетін дәлелдеді.
    Ильяның бұл жетістігі — оның жеке еңбегінің, табандылығы мен өнерге деген сүйіспеншілігінің жемісі. Студенттің шығармашылық жолындағы жетекшісі – тәжірибелі ұстаз Д.А.Усенов, шәкіртінің дарынын ашып, кәсіби деңгейге жетуіне бағыт-бағдар беріп келеді.
    Аверин Ильяның халықаралық байқаудағы бұл жетістігі – колледжіміз үшін үлкен мақтаныш.
    Ильямен жетекшісіне жаңа белестер мен шығармашылық табыстар тілейміз!  

  • Қазақстанның астанасында 2025 жылғы 1–5 желтоқсан аралығында орындаушылардың XІ Халықаралық «Астана–Мерей» байқауы өтті. Бұл өнер додасы — орындаушылық шеберлік әлеміндегі маңызды музыкалық оқиғалардың бірі.
    Байқау еліміздің түкпір-түкпірінен және жақын шетелдерден келген жас дарындар мен кәсіби музыканттарды біріктіріп, олардың орындаушылық шеберлігі мен көркемдік мәнерін көрсетуге үлкен мүмкіндік берді.
    Байқаудың басты ерекшелігі – жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, киелі сахна шеберлерінен құралған кәсіби қазылар алқасы және қатысушылардың жанрлық әрі жастық әртүрлілігі болды. Байқау бірнеше номинация мен жас ерекшеліктері бойынша өткізілді, бұл әрбір қатысушының қабілетін әділ бағалауға мүмкіндік ашты.
    Бұл байқау үздіктерді анықтайтын алаң ғана емес, сонымен қатар музыка мерекесіне, тәжірибе алмасу, шабыттану мен шығармашылық дамуға арналған ортаға айналды. Тыңдалым барысында қатысушылар дайындық деңгейінің жоғарылығын, сахналық мәдениетін, орындаушылық техникасын және музыкалық шығарманы терең түсінетіндігін көрсетті.
    Музыкалық кешеннің студенттері мен шәкірттерінің дипломдармен, жүлделі орындармен және конкурстың Гран-приімен оралуы Павлодар облысы үшін ерекше мақтаныш.
    Олардың жетістігі оқытушылар мен концертмейстерлердің кәсіби еңбегінің және студенттердің күнделікті қажырлы жұмысының нәтижесі болып табылады XІ Халықаралық «Астана–Мерей» орындаушылар байқауында жалғыз Гран-при берілді — және бұл ең жоғары марапат тек Түрегелді Жасұланға бұйырды.
    «Үрлемелі және соқпалы аспаптар» бөлімінің 3 курс студенті Жасұлан өз өнерімен, керемет техникасымен, музыкалық шеберлігімен және сахнадағы кәсіби дайындығымен қазылар алқасын тәнті етіп, байқаудың бірегей жеңімпазы атанды.
    Бұл жеңіс – тек Жасұланның ғана емес, сонымен қатар Павлодар музыкалық колледжінің де зор мәртебесі.
    1-дәрежелі лауреат атанғандар – Омаржанов Заурбек, Томских Василий, Шолеке Аязби.
    2-орынды иеленгендер – Салимов Азиз, Зайкин Артур, Зайкин Тимур.
    3-орынмен қоржынға үлес қосқандар – Құрбан Рахат пен Дюсенов Думан.
    Павлодардың келесі жас музыканттары байқаудың дипломанттары атанды: Седых Роман, Ақан Айнара, Егеубай Батима және Жумашев Рахымжан.
    Байқау лауреаттарын дайындаған ұстаздар: Шлегель В.А., Шлегель О.В., Каиров Б.К., Усенов Д.А., Каирбаева Э.С., Тен А.Ш., Мулкаразов М.К.
    Жеңімпаздардың концертмейстерлері: Куминов А.Б. және Дорошенко И.С.
    «Астана–Мерей» – бұл жай ғана байқау емес, бұл – музыка әлеміндегі мойындалуға, шабытқа және болашақ табыстарға бастайтын жол.
    XI Халықаралық «Астана–Мерей» орындаушылар байқауының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің жарқын өнер көрсетулеріңіз – таланттың, еңбектің және шабыттың нағыз мерекесіне айналды!
    Гран-при иегері Түрегелді Жасұланды және колледжіміз бен Ертіс өңірін жоғары деңгейде таныта білген барлық лауреаттар мен дипломанттарды ерекше құттықтаймыз.
    Жеңіске сүбелі үлес қосқан ұстаздар мен концертмейстерлерге алғыс білдіреміз! Жетістіктеріңіз жаңа белестер мен үлкен сахналарға жетелесін!
FaLang translation system by Faboba