2025,желтоқсан,10 Халықаралық байқаудағы зор жетістік: Аверин Илья — «MARCATO» байқауының II дәрежелі лауреаты

Қазан қаласында (Татарстан Республикасы, РФ) жақын және алыс шетелдерден келген дарынды музыканттарды жинаған үрлемелі және соқпалы аспаптарда орындаушылардың «MARCATO» атты III Халықаралық байқауы өтті.
МК-МК көшбасшысы Аверин Илья аталмыш беделді байқауда II дәрежелі лауреат атанды. Ол байқауға «Үрлемелі аспаптар» номинациясы бойынша қатысып, өзінің жоғары кәсіби деңгейін, шеберлігін және сахна мәдениетін дәлелдеді.
Ильяның бұл жетістігі — оның жеке еңбегінің, табандылығы мен өнерге деген сүйіспеншілігінің жемісі. Студенттің шығармашылық жолындағы жетекшісі – тәжірибелі ұстаз Д.А.Усенов, шәкіртінің дарынын ашып, кәсіби деңгейге жетуіне бағыт-бағдар беріп келеді.
Аверин Ильяның халықаралық байқаудағы бұл жетістігі – колледжіміз үшін үлкен мақтаныш.
Ильямен жетекшісіне жаңа белестер мен шығармашылық табыстар тілейміз!







