2025,желтоқсан,15 Қазақ халық аспаптары бөлімінің студенттері республикалық дебат турнирінде жоғары нәтиже көрсетті

2025 жылғы 13–14 желтоқсан күндері Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне, Қазақстан халықы Ассамблеясының 30 жылдығына және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған республикалық дебат турнирі өтті.
Аталмыш турнирге қазақ халық аспаптары бөлімінің студенттері — Кәбзәкір Нұрай мен Темірбулатова Арайлым қатысып, өз білімдері мен шешендік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша колледж командасы «The Phoenix Team» номинациясын жеңіп алды. Бұл марапат – табандылық, рухани күш-жігер мен қиындықтарға қарамастан жеңіске деген ұмтылыстың белгісі ретінде берілді.
Сонымен қатар, Кәбзәкір Нұрай ерекше көзге түсіп, дебат турнирінің үздік спикері атанды. Оның сенімді сөйлеуі, логикалық ойлауы мен көшбасшылық қабілеті әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланды.
Жас дебатерлерімізді шын жүректен құттықтай отырып, оларға алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!







